Әскер • Бүгін, 15:55

Биыл әскерге шақырылушылар саны артады

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы «мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару және ҚР азаматтарын наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізілетін Үкіметтің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
 

Биыл әскерге шақырылушылар саны артады

фото: aikyn.kz

Құжатта нақтыланғандай, әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді қарастырады.

Бұған дейін жарлықта 39 180 адамды қызметке шақыру қарастырылған еді.

Түсіндірілгендей, Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру жөнінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында атқарылады.

Құжат 19 тамызға дейін жария талқылау үшін »Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.