Оқиға • 06 Тамыз, 2024

Мұнайды заңсыз өндірген компания басшысының орынбасары сотталды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде  шикі мұнайды заңсыз өндірген «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының бас директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнайды заңсыз өндірген компания басшысының орынбасары сотталды

Фото:Коллаж: Ulysmedia.kz

«Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.  Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленген.

Кен орнын басқарған компания филиалы бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, келтірілген шығын толық көлемде өтелген.