Олимпиада • Бүгін, 14:32

Париж - 2024: Ескек есушілер жартылай финалға шыға алмады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров каноэде 500 метрге ескек есуден жартылай финалдық кезеңге өте алмады. Енді олар ширек финалда қайта бақ сынап көреді, деп жазады Egemen.kz.

Париж - 2024: Ескек есушілер жартылай финалға шыға алмады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров іріктеу кезеңін 5 орынмен аяқтады. Уақыт көрсеткіші - 1:45.94 секунд.

Дәл осы қашықтықта сынға түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы да өз тобында 5-орын алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 2:00.05 секунд. Бұл екі ескек есуші жұбы да ширек финалда қайта жарыс жолына шығады.

рр