50 келі салмақта ел намысн қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі - ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.
Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды.
Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозаны жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға шыққан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.