Фото: Хабар24
Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3 курс студенті 2023 жылдың сәуір айында интернеттен курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды көреді. Аталған телефон нөміріне қоңырау шалып, жұмыстың қиын емес екенін, сонымен қатар жалақысының жоғары екенін біледі. Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағымдар болмаған, әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрады (олар оны толығымен қамтамасыз еткен), дегенмен ол жеңіл ақша табуға шешім қабылдайды.
Осылайша ол курьер болды. Алынған геолокация бойынша 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне салып кететін, кураторға фотоесеп жіберіп отырған.
Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. 2023 жылдың қараша айында 15 ораманы алып, оның 4-ін таратқан сәтте оны полиция қызметкерлері ұстайды.
«Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылды. Жасөспірім психотроптық заттың аналогын өткізу мақсатында басқа адаммен алдын-ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен заңсыз сақтады деп айыпталды (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5) тармақшалары бойынша). Айыпталушының кінәсі – куәлардың, полиция қызметкерлерінің айғақтарымен, куәгерлермен, сараптамалардың қорытындыларымен, салынған орамдардың фотосуреттері табылған ұялы телефонды тексерумен, куратормен хат алмасумен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді», делінген хабарламада.
Жаза тағайындау кезінде сот аса ауыр қылмыс санатына жататын және жоғары қоғамдық қауіпті білдіретін іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басы, оның мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, ауырлататын факторлардың болмауын, тағайындалған жазаның сотталғанды түзетуге және жаңа қылмыстардың алдын-алуға әсерін назарға алды.
ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1),3),5) тармақшасының 3-бөлігі мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыпталушы айыпты деп танылды және оның кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.