Спорт • 08 Тамыз, 2024

Демеу Жадыраев алтын үшін таласта қандай қателік жіберді? Бас бапкердің жауабы

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демеу Жадыраев алтын үшін таласта қандай қателік жіберді? Бас бапкердің жауабы

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жеңілді.

- Жақсы күресті, бірақ ептілік жетіспеді. Бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Барынша талпынды. Алайда Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын", - деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар.