Фото: Тұрар Қазанғапов/НОК
«Жекпе-жек мен үшін оңай болған жоқ. Қарсыласым Демеу өте мықты болды және соңына дейін күресті. Мен оны қатты құрметтеймін. Мен одан кем емес жігермен күресіп, бар күшімді сығымдадым. Қазақстандық спортшылар өте мықты, мен үшін жекпе-жекте жеңіске жету оңай болған жоқ. Мен сіздердің спортшыларыңызды құрметтеймін және олардың күші мен шеберлігін мойындаймын», деді Нао Кусака.
Еске сала кетейік, грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Қазақстан балуаны жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.