Өкінішке қарай, ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Елжана Таниева аталған сында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмай қалды.
Елжана Таниева жалпы есепте 126.600 ұпай жинап, 11-орынға сырғыды. Осылайша, биыл Азия чемпионы атанған Елжана Таниева Париж олимпиадасының финалына шыққан 10 гимнастың қатарына кіре алмады.
Олимпиада жүлдесіне тек, финалға шыққан 10 гимнаст қана таласады.
Таниеваның көрсеткіші:
Лента - 31.450 балл
Ұршық - 32.300 балл
Доп - 32.000 балл
Шығыршық - 30.850 балл
Финалға шыққан спортшылар Олимпиада медальдарын ертең, яғни 9 тамызда сарапқа салады.