Елорда • 10 Тамыз, 2024

Ақынның айрықша бейнесі

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хакім Абайдың туған күні қарсаңында елорда орталығында ақынның үлкен цифрлық бейнесі пайда болды.

Ақынның айрықша бейнесі

Астана қаласының сол жа­ға­­лауында ой­шыл Абай Құ­нан­­байұлының ең ірі цифр­лық бейнесі көрініп тұр. 65 метр­лік портрет шолу дөң­ге­­ле­гінде орналасқан. Ол 53 мың пик­сельден астам жаңа LED жа­рықтандырумен жаб­дықталған. Сурет бір-бірін алмастыратын қазақ ою-өрнектерімен, туы­мен сүйемелденеді.

ва

Қала тұрғындары бұл жерді шы­ғар­ма­шылық бейнелер жасау үшін бел­сенді пайдаланып жа­тыр. Мәселен, Е.Рахмадиев атын­дағы мемлекеттік ака­демия­лық филармония әртісі Ұлжан Күл­жанова скрипкада «Көзімнің қарасы» туындысын орындады. Нұра ауданының әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс ор­талығы ұйымдастырған іс-ша­ра 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Порт­рет пен анимацияны көрсету
16 тамызға дейін жалғасады.