ҚазАқпарат.
Біздің елімізде 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында Демократия институты Қазақстанның Азаматтық альянсының тапсырысы бойынша бүкіл өңірлерде жалпыұлттық exit-poll өткізді.
Институт Директоры Юлия Кучинская атап өткендей, зерттеулер 14 облысты, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларын қамтыды.
Exit-poll сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 312-сі қалалық, 238-і селолық болып табылатын бес жүз елу сайлау учаскелерінде жүргізілді.
Exit-poll-ды ұйымдастыру мен өткізуге мың жарымнан астам адам тартылды.
Қолданылған сұрау салу әдістемесін шетелдік және қазақстандық ғалымдар талай рет сынақтан өткізген және сенімді, дәл іріктелген мәліметтер алуға жағдай жасайды.
Exit-poll нәтижелері көрсеткендей, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 97,5% дауыс жинады.
Бұл Елбасының тамаша, салтанатты, бүкілхалықтық жеңісі.
Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен одан әрі де бейбітшілік пен прогресс бағытымен алға басуға деген ұмтылысында бүкіл әлемге өзінің қуатты бірлігі мен топтасқандығын танытты.
Осы жолғы президенттік сайлауда, халықаралық және қазақстандық сарапшылардың мәліметтері бойынша, тарихта алғаш рет сайлаушылардың теңдессіз көп келуі атап көрсетілген.
Сарапшылар мұндай өте жоғары, рекордтық көрсеткіштің әлемдік сайлау үдерісі тарихына енетінін атап көрсетуде.
Сайлауды өткізудің мұндай деңгейі мен тарихта мұндай көп келушілікті байқаушылар өзге елдерде көрмеген.
Бүгінде қазақстандықтардың Президент сайлауына қатысуын батыл түрде сенсациялық деп атауға болады – адамдар, үлкені бар, кішісі бар, бүтіндей отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертең ертесімен-ақ сайлау учаскелеріне келді.
Қазақстандықтар сайлау учаскелері ашылғанға дейін кезекке тұрды, сайлаушылар легі учаскелер әбден жабылғанға дейін толастаған жоқ.
Осының бәрі бұрын-соңды болмаған электоралдық белсенділікті, сайлаушылардың сенсациялық деңгейде көптеп келуін білдіреді.
Ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен концерттердің арқасында барлық жерлерде, бүкіл елде бүкілхалықтық мереке ахуалы орнады.
Сайлау науқаны барысына 10 000-нан астам отандық және 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар қадағалау жасады.
Олардың бәрі, өздерінің бағалауынша, транспарентті, ашық және адал сайлаудың үлгісі болып табылатын сайлауды ұйымдастырудың аса жоғары деңгейін атап өтті.
Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлаудың демократиялылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтуде, әсіресе, дауыс беру күнгі қазақстандық сайлаушылардың, оның ішінде жастардың белсенділігін ерекше атап көрсетуде.
Бәрінен бұрын, бұл қазақстандықтардың патриотизмін, азаматтардың саяси жетілгендігін, олардың жоғары электоралды мәдениетін, сондай-ақ, қазақстандықтардың топтасқандығы мен бірлігін, олардың белсенді азаматтық позициясын білдіреді.
Сайлауды ақпараттық қолдау да жоғары деңгейде болды.
Қазақстанның барлық БАҚ-та, Интернет пен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, таңертеңнен кеш қарайғанға дейін сайлау тақырыбы нөмір бірінші тақырып болды.
Қазақстан Президенті сайлауын 37 елден 200-ден астам шетелдік журналистер жазып көрсетті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10