27 Сәуір, 2015

Елбасы жеңісі – елдіктің жемісі

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!» – Мемлекеттік Әнұраны­мыз­дағы осы жолдар бұл күндері айрықша асқақ естіледі. Прези­дент сайлауына дауыс беру­ші­лер­дің барлығы дер­лік қаты­сатын, олардың барлығы дерлік  бірауызды­лық та­нытатын халық – ынты­мақ­шыл, жасампаз халық. Бұл жеңіс – бүкіл халықтың жеңісі. Жеңі­сіміз құтты болсын, ардақты ағайын! 2-9 ҚазАқпарат. Біздің елімізде 26 сәуірде өткен Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Прези­ден­тін сайлау барысын­да Демократия институты Қазақ­станның Азамат­тық альянсының тап­сырысы бойынша бүкіл өңір­лерде жалпы­ұлттық exit-poll өткізді. Институт Директоры Юлия Ку­чинская атап өткендей, зерттеулер 14 облысты, сон­дай-ақ, Астана және Алматы қалаларын қам­тыды. Exit-poll сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 312-сі қалалық, 238-і село­лық болып табы­ла­тын бес жүз елу сайлау учаскелерінде жүргі­зілді. Exit-poll-ды ұйымдастыру мен өткізуге мың жарымнан астам адам тартылды. Қолданылған сұрау салу әдіс­темесін шетелдік және қазақстандық ғалым­дар талай рет сынақтан өткізген және сенімді, дәл іріктелген мәлі­мет­тер алуға жағдай жасайды. Exit-poll нәтижелері көр­сеткен­дей, Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­­баев 97,5% дауыс жинады.  Бұл Елбасының тамаша, салтанатты, бүкілхалықтық жеңісі. Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшы­лы­ғы­­мен одан әрі де бейбітшілік пен прог­ресс бағытымен алға басуға деген ұм­ты­­лысында бүкіл әлемге өзі­нің қуатты бірлігі мен топтасқан­дығын танытты. Осы жолғы президенттік сайлау­да, халықаралық және қазақ­стан­дық сарапшы­лардың мәліметтері бойынша, тарихта алғаш рет сай­лаушылардың теңдессіз көп келуі атап көрсетілген.  Сарапшылар мұндай өте жоғары, рекордтық көрсеткіштің әлемдік сайлау үдерісі тарихына енетінін атап көрсетуде. Сайлауды өткізудің мұндай деңгейі мен тарихта мұндай көп ке­лу­шілікті байқаушылар өзге елдерде көрмеген. Бүгінде қазақстандықтардың Пре­зидент сайлауына қатысуын батыл түрде сенсациялық деп атауға болады – адамдар, үлкені бар, кішісі бар, бүтіндей отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертең ертесімен-ақ сайлау учаскелеріне келді. Қазақстандықтар сайлау учаске­лері ашыл­ған­ға дейін кезекке тұрды, сайлаушылар легі учас­келер әбден жабылғанға дейін толастаған жоқ. Осының бәрі бұрын-соңды болма­ған элек­торалдық белсенділікті, сай­лау­­шы­лар­дың сенсациялық деңгей­де көптеп келуін біл­діреді. Ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен кон­церттердің арқасында бар­лық жерлерде, бүкіл елде бүкіл­ха­лықтық мереке ахуалы орнады. Сайлау науқаны барысына 10 000-нан астам отандық және 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар қадағалау жасады. Олардың бәрі, өздерінің баға­лауынша, транспарентті, ашық және адал сайлаудың үлгісі болып табылатын сайлауды ұйым­дас­ты­рудың аса жоғары деңгейін атап өтті. Шетелдік байқаушылар Қазақ­стандағы сайлаудың демокра­тия­­лы­лы­ғын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтуде, әсіресе, дауыс беру күнгі қазақ­стандық сайлаушылардың, оның ішінде жастардың белсенділігін ерекше атап көрсетуде. Бәрінен бұрын, бұл қазақстан­дықтардың патриотизмін, азамат­тардың саяси жетіл­гендігін, олардың жоғары электоралды мәде­­ниетін, сондай-ақ, қазақстандықтардың топ­тасқандығы мен бірлігін, олар­дың белсенді азаматтық позициясын білдіреді. Сайлауды ақпараттық қолдау да жоғары деңгейде болды. Қазақстанның барлық БАҚ-та, Интернет пен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, таңер­теңнен кеш қарайғанға дейін сайлау тақы­рыбы нөмір бірінші тақырып болды. Қазақстан Президенті сайлауын 37 елден 200-ден астам шетелдік журналистер жазып көрсетті.