Спорт • Бүгін, 12:28

Денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакинa кортқа оралады

8 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен еліміздің көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тағы бәсекеде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакинa кортқа оралады

Жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмаған Елена Рыбакина кортқа қайта оралады. Ол 13-19 тамыз аралығында АҚШ-тың Цинцинатти қаласында өтетін Мастерс турниріне қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасы бұған дейін шілде айында “Уимблдон” үлкен дулығасында бақ сынап, жартылай финалға дейін жеткен еді.

Цинцинатти ашық біріншілігін жеңген әйел теннисші 1000 ұпай мен 523,485 АҚШ долларын алса, ал ерлер арасындағы жеңімпазға 1000 ұпай мен 1,049,460 АҚШ доллары беріледі.