Париж-2024 • 12 Тамыз, 2024

Олимпиада жүлдесіне бір қадам жетпей қалған ел спортшылары

126 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық олимпиадалық комитет Париж Олимпиадасының жүлдесіне қол созым қалғанда ойыннан шығып қалған ел спортшыларының ондығын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада жүлдесіне бір қадам жетпей қалған ел спортшылары

Фото: ҰОК

Дзюдодан әйелдер арасындағы бәсекеде Абиба Әбужақынова қола медаль үшін өткен сында швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. 

Гимнаст Милад Карими де бесінші орыннан көрінді. Ол еркін жаттығудан Олимпиаданың финалында бақ сынап жаттығуы  үшін 14.500 ұпаймен алғашқы бестікке енді. 

Спорттық құзға өрмелеу шебері Әмір Маймұратов Жылдамдық бойынша сынға түскен ол Олимпиаданың ширек финалына жетіп, жазғы ойындардан бесінші орын алды. 

Нысана көздеу шебері Александра Ле алғашқы ондыққа кірді. Ол пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден финалға шығып, жалпы есепте алтыншы орыннан көрінді. Айта кетелік, Александраның еншісінде аралас командалық сындағы қола медаль бар. 

Олимпиадаға  алғаш рет қатысқан Данил Мұсабаев батуттағы гимнастикадан финалға бір қадам қалғанда тоқтады. Ол бірінші іріктеуден соң 8-орыннан көрінген. Алайда екінші іріктеуде тоғызыншы орынға түсіп қалды. Финалға алғашқы сегіздік жолдама алды. 

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстан намысын Нора Джеруто қорғады. Ол жарыста 9-орын иеленді. Қазақстанға әлем чемпионатының алтынын сыйлаған спортшы жақында ғана декреттік демалыстан оралған. 

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Олимпиадада алғашқы алтылыққа енді.

Сонымен қатар шпагамен семсерлесуден жекелей сында Руслан Курбанов алтыншы  орын алды.

Садақ атудан командалық жарыста Ильфат Абдуллин, Александр Еременко және Дәулеткелді Жаңбырбай 1/8 айналымға жетіп, Италиядан бір ұпай айырмасымен жеңілді. Жалпы есепте 9-орынға табан тіреді. 

Брейкингтен Амир Закиров сегізінші орын алды. Ол топтық сындағы екі баттлда жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған. Алайда америкалық VICTOR-дан ұтылып, жартылай финалға өте алмады.

Кирилл Герасименко үстел  теннисінне 1/8 финалға жетті. Үш Олимпиадаға қатысқан спортшымыз бұл жолы тарихи нәтиже тіркеді.

Бокстан Қазақстан командасының мүшелері де алғашқы ондыққа кірді. Нұрбек Оралбай күміс медаль алса, Сәкен Бибосынов (51 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бесінші  орын иеленді. Махмұд Сабырхан (57 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) тоғызыншы орында. 

Грек-рим күресінің шеберлері Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) пен Әлімхан Сыздықов (130 келі) тиісінше жетінші және сегізінші орын алды. Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали (97 келі) да жетінші орында.