Оқиға • 12 Тамыз, 2024

Павлодарда жол ережесін 11 рет бұзған жүргізушіге айыппұл салынды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда жол ережесін бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жол ережесін 11 рет бұзған жүргізушіге айыппұл салынды

Фото:Polisia.kz

Айта кетерлігі, Павлодар қаласының жолдарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу үшін интеллектуалды басқару жүйелері белсенді түрде қолданылады.

– Мысалы, Audi көлігінің жүргізушісі ЖБО камерасына 11 рет түсіп қалған. Тәртіп бұзушы жылдамдықты шектен асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді бұл жүргізуші 300 мың теңге айыппұл төлеуі керек, – деді Павлодар қаласы ПБ жедел басқару орталығының басшысы Ренат Шамгунов.

Сонымен қатар жыл басынан бері облыс жолдарында 30 мыңға жуық жылдамдықты асыру фактісі тіркеліп, тоқтатылған. Өңірлік билік құқық бұзушылықтар санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.