Қоғам • 13 Тамыз, 2024

Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды

Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады.

Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ.

Сондай-ақ, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.

  • Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК;
  • Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК;
  • Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК.