Рудный қаласының прокуратурасымен «Рудный қаласының білім бөлімінің» Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.
Осы факт бойынша арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету.
Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды.
- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді, - делінген ақпаратта.