Өндіріс • 13 Тамыз, 2024

Байсерке балмұздағы Сауд Арабиясында сатылады

84 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азия нарығындағы ең ірі балмұздақ өндіруші, сонымен қатар шетел нарығына отандық балмұздақты жеткізуші болып санала­тын «Шин-Лайн» компа­ния­сының жетістігі көп-ақ. Алма­ты облысының Бай­­серке аулында орна­лас­­қан фаб­ри­када осы күні за­ма­науи балмұздақ өн­ді­рісі шоғырланып, сүт өнім­­дері, мұздатылған жар­­ты­лай фабрикаттар, қа­мыр, әртүрлі кеспе шы­ға­ру жұмыстары жолға қойыл­ған.

Байсерке балмұздағы Сауд Арабиясында сатылады

Фабрикада әлемдік өн­дірістегі ең озық қауіпсіздік және тиімділік стандарттарын берік ұстанады. Бәлкім, соның арқасы бүгінде әлемдегі ең мықты 10 балмұздақ өндіруші қатарына кіріп отыр. Кәсіпорында Іле ауданына қарасты 12 ауыл­дан 5 000-ға жуық адам еңбек етеді.

«Шин-Лайн» шығаратын «Бомба» бренді мен «Мишка на полюсе» сапа бойынша ТМД елдері арасында ал­­дыңғы қатарда. Жалпы, компа­ния желісінде жүзден аса бал­мұздақ түрі бар. Шы­ғыс колориті бар алғашқы пре­миум-бренд – «Bahroma» да өз тұ­тынушыларын тапқан. Ал кон­дитерлік өнімдер мен бал­мұздақ сегментінде «Золотая коллекция» желісіне жататын «Гулливер», «Лесная Белочка», «Ключик Буратино», «Птичка» және «Красный мак» балмұздақтары қашанда жоғары сұранысқа ие.

апр

Кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім шығарады. Жүк айналымы 50 мың паллеттен асатын және 30 градусқа дейін автоматты температура режімі бар толықтай автоматтандырылған қоймалар технологиясы енгізілген. Бұл қоймаларда барлық жұмысты роботтар жасайды.

Озық еуропалық және азиялық техно­логтермен­ ынтымақтастықта дайындал­ған жоба аясында бал­мұз­дақ өндірісінің өрісі кеңейіп келе­ді. Жуырда компания Сауд Ара­биясының «Al-alameya Group» компаниясымен сол елде балмұздақ өнді­ру зауытын салу­ды қамтитын ын­ты­мақ­тастық туралы келі­сімге қол қой­ды. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев осы серік­тестіктің стратегиялық маңызды­лығына тоқталып, оның сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

«Біз қазақстандық серіктестермен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Таңдаулы қазақ сүтінен жасалған балмұздақ тұтынушылардың көңілінен шығатынына сенімдіміз», деді «Al-alameya Group» компания­сының иесі Шауки Абдулсатар Абду Сыдық.

Осы ынтымақтастық аясында жасал­ған балмұздақтың алғашқы партиясы келесі жылы Сауд Арабиясының дүкен сөрелеріне шығарылады деп болжанып отыр.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар