Елорда • 13 Тамыз, 2024

Астанадағы апатты мектеп бұзылады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы №25 орта мектеп апатты деп танылды. «ТехЭксперт-Т» ЖШС аккредиттелген ұйымы өткізген 2024 жылғы 20 шілдедегі техникалық қорытындыға сәйкес, нысан техникалық және санитарлық талаптарға сай болмай шықты, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы апатты мектеп бұзылады

Фото: gov.kz

Тексеру нәтижесінде ғимараттың физикалық тозуы 54,4 пайыз болып бағаланды. 

ff

 

Астана қаласы Білім басқармасы осы мектептің оқушылары жаңа оқу жылында жақын маңдағы  Қарасай батыр көшесі, 10 мекенжайында орналасқан № 36 мектепте оқитынын хабарлады. Бұл мектеп 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген. Мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. 

«№ 36 мектеп әкімшілігімен сыныптарды орналастыру, оқу кабинеттерін бөлу бойынша барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді, балаларды қабылдау кезінде мектеп ғимаратына кіру және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесі анықталды», делінген әкімдік хабарламасында.

Ал №25 орта мектептің аумағында оқу процесін ұйымдастырудың барлық заманауи талаптары ескерілетін жаңа мектеп салынады. Бүгінгі таңда жаңа мектепті жобалау және жобаны жергілікті жерге байланыстыру жұмыстары басталған.