12 Маусым, 2015

Маңғыстау облысының әкімі шу шығарған кәсіпкерге көмектеседі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-06-2015-Aktau  01АҚТАУ. 12 маусым. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев шу шығарған кәсіпкерге көмектесетін болды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған, яғни, Маңғыстау облыстық әкімдігіне келіп, өзін өртемек болған кәсіпкерді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қабылдады. Кездесу барысында әкім кәсіпкер Бахтияр Масимовке жер телімін беруге, денсаулығын қалпына келтіруге және материалдық өтемақы төлеуді қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ, облыс әкімі өз орынбасарына аталған мәселені қадағалауда ұстап, «Равиль» кафесінің бұрынғы қызметкерлеріне жұмыс іздеуді тапсырған. «Равиль» кафесіне қатысты оқиға өрбігенде бұл басшылық қызметте болған жоқ. Мен енді Айдарбаевқа сендім, сондықтан өзіме қол жұмсауды тоқтаттым», – дейді Бахтияр Масимов. Гүлайым Шынтемірқызы. Сурет, дерек: lada.kz.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30