27 Сәуір, 2015

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

2952 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ЕРЕН ЕРДІ БАСТАҒАН ХАЛҚЫН БАҚҚА,

ТУҒАН ЕЛІ ҚОНДЫРДЫ АЛТЫН ТАҚҚА!

ERA_4121+++++ Елін сүйген Елбасын елі сүйеді. Оны кешегі сайлау тағы бір дәлелдеді. Төрткүл дүние көз тіккен маңызды саяси іс-шараға ел халқы бір кісідей атсалысып, ел басқарар басшыcын сайлады. Иә, халқы тағы оны таңдады. Елін сүйген ердіЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне лайық деп тапты. Бұлай деуімізге кезектен тыс президенттік сайлаудың алғашқы нәтижелері дәлел, яғни Демократия институты жариялаған мәліметтерге сүйенсек, сайлаушылардың 97,5 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Сөздің шыны керек, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сайлауда да жеңіске жетеріне әбден сенімді болғанбыз. Себебі, оны сайлауға түсуге шақырған, қолқа салып, үгіттей отырып, өтініш жасаған да халықтың өзі еді. Ел тағдыры үшін «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алатын» ынтымақты елдің халқы бұл жолы да бірліктің бірегей сипатын танытты. Жаһан жұрты құлақ түрген айтулы саяси науқанда да ауызбіршілік танытып, елдіктің ерекше үлгісін көрсетті. Тіпті, бұл сайлау елдіктің, татулықтың жарқын мерекесіне айналды десек, артық айтқандық емес. Мәселен, сайлаудың қорытындысын астаналықтардың көбі, әсіресе, елжанды жастар елордадағы «Мәңгілік Ел» монументінің жанында күтті. Әрине, дәл осынау сәтте «Мәңгілік Елдің» алдына жиналуында да үлкен мән бар. Мезгілдің түн болғанына қарамастан, «Мәңгілік Елдің» маңын шат-шадыман көңіл-күйге бөлеген халықтың қуанышы, Нұрсұлтан Назарбаевқа деген зор сенімі, ұлтымыздың ұлы перзентіне деген  шексіз құрметі екені даусыз. Себебі, біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея  ол – Мәңгілік Ел. Ал елді сол жолға жетелеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Мәңгілік Ел идеясын ұлты­мыздың ұлы бағдары, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының түпқазығы деп ұстанды. Иә, еліміз бүгінде Тәуелсіздігімізбен бірге, Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевпен бірге мәңгілік мұраттарына бағыт алып барады. Елбасының өзі айтқандай, «Мәңгілік Ел» – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болса, ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді». Біздің ел бұл армандарды Нұрсұлтан Назарбаевтай Көшбасшысының арқасында ақиқатқа айналдырды. Мәңгілік Елдің іргесі қаланды. Міне, бүкіл қазақстандықтар үшін елдіктің сынындай болған кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындысы да жариялануға жақын болатын. Сол сәт елордадағы елдігіміздің символы іспеттес «Мәңгілік Елдің» жанында айрықша әсемдік орнады. Қолдарына көк ту ұстап, аспанға  желбіреткен жастардың жанарында от ойнап, көңілдерінде Елбасының жеңісіне сенген сезімдер менмұндалап тұрды. Халқымыздың асқақ рухын паш етіп, бірлік пен татулыққа, жақсылық пен жасампаздыққа шақырған «Мәңгілік Елдің» ерекше қасиетінен де шығар, жастардың жалыны көктемгі түннің ызғарын да сездірмейді. Бір сәт құйғылжыған күй, әсем ән, ырғақты бидің бәрі бір тоқтады да, барлығы демдерін ішке тартып, сайлаудың алдын ала нәтижелерін күтті. Алаңға қойылған үлкен экраннан алғашқы нәтижелер естілгенде «Мәңгілік Елдің» түнгі аспаны жарқырап, айнала түгел от-шашуға бөленді. Осы сәт жастар жарыса айқайласып, өз таңдауларының, өз сенімдерінің орындалғанына қуанысып, қиқуласып кетті. Міне, ел болашағына, өз болашақ­тарына сеніммен қараған жастардың  Елбасына деген сенімі осылай болса керек-ті. Жастардың жүздері нұрға бөленіп, «Жасасын Қазақ елі!», «Алға, Қазақстан!» деген ұрандар бүкіл қазақ даласын шарлап кеткендей әсерге бөледі. Жеңістің туын желбіреткен шара одан әрі Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздарының ән-шашуларымен жалғасты. Мұнымен қоса, аталған монумент алаңынан бастап бірыңғай ақ түсті көлік мінген қала жастары Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеріп, автокөлік шеруімен елорда көшелерімен жүріп өтті. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».