Футбол • Бүгін, 10:04

«Астана» Румынияның футбол командасын ірі есеппен жеңді

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Конференция лигасы аясында өткен қарымта матчта «Астана» футбол командасы румыниялық «Корвинулды» ірі есеппен қапы қалдырды, деп жазады Egemen.kz.

«Астана» Румынияның футбол командасын ірі есеппен жеңді

Фото:prosports.kz

Кездесу 13 тамыз күні Алматы қаласында өтті. 

Елордалық команда   «Корвинулды» 6:1 есебімен жеңді.  Бұл көрсеткіш «Астананың» еурокубок тарихындағы ең ірі жеңісі болып тіркелді. Осылайша отандастарымыз Конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, «Астана» бірінші кездесуде сырт алаңда «Корвинулдан» 2:1 есебімен басым түскен еді.