Фото: FlyArystan
«Техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне байланысты «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ авиакомпанияларына, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдар келіп түсті», деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылған. Сарапшылар рейстердің орындалмауы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнама талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтайтынын түсіндіреді.
«Сонымен қатар «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ авиакомпанияларына жоспардан тыс тексеру тағайындалды», делінген ақпаратта.