Заң • 15 Тамыз, 2024

Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды

Фото: istockphoto.com

Есепшілер ауруханада жұмыс істемеген адамдарға жалақы және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды. 

Сот үкімімен бас бухгалтер К. Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, оның қарамағындағы қызметкер А. Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.