Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:17

Боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайта шығады

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой боксшы, 69 келіде Рио-де-Жанейро - 2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов рингке оралады. Бұл туралы all.stars.boxing.kz компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайта шығады

Фото: instagram.com.yeleussinovdaniyar

Данияр Елеусінов 28 қыркүйек күні Алматы аренада өтетін бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қолғап түйістіреді. 

Оның кімге қарсылас атанатыны әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі кейінгі кездесуін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада өткізген. Отандасымыз сол жекпе-жекте аргентиналық Хуан Эрнан Леалдан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.