Қылмыс • 16 Тамыз, 2024

Лауазымды тұлғаларға пара беруге үгіттеген жалған адвокат сотталды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге үгіттеген жалған адвокатты 4 жылға соттады, деп жазады Egemen.kz.

Лауазымды тұлғаларға пара беруге үгіттеген жалған адвокат сотталды

Фото: ҚР ІІМ

Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ «К» есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге үгіттеген.

Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында «K» есімді азамат 10 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.