Аймақтар • 16 Тамыз, 2024

Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 221 үй сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды

Бұлынды ауданы Макинск қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының бірі мемлекеттің қолдауының арқасында Иван  Ющенко баспаналы болды. 

«Мемлекетке көмек көрсеткені үшін рақмет. Үй берілді. Бізге өз үйімізді таңдауға мүмкіндік берді. Жарқын, таза, ұқыпты. Моншасы, бақшасы бар. Бүкіл отбасымның атынан бізді қиыншылықта қалдырмағаны үшін барлықтарыңызға ризашылышығымды білдіремін. Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақмет», деді Иван Ющенко.

Сонымен қатар өңірде 331 жеке тұрғын үй, оның ішінде 115-і Бұланды ауданында белсенді салынып жатыр. Жұмыстар ауданның төрт ауылы Журавлевка, Капитоновка, Иванковка және Вознесенкада жүргізіліп жатыр.  Жаңа үйлердің ауданы кемінде 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын портал арқылы (gov.kz) онлайн режимде бақылауға болады.

Оған қоса, Ақмола облысында 715 тұрғын үйде, оның 112-сі Бұланды ауданында жөндеу жұмыстары аяқталған.

Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйді қалпына келтіру барысына күнделікті мониторинг және бақылау жүргізіп отыр.