Оқиға • 16 Тамыз, 2024

«Бір адам реанимацияда жатыр». Павлодарда алюминий зауытының 2 қызметкері күйіп қалды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехындағы жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді төгілген. Бірі реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бір адам реанимацияда жатыр». Павлодарда алюминий зауытының 2 қызметкері күйіп қалды

Фото: Istockphoto

«Зардап шеккен қызметкерлер қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірі жалпы палатада емделіп жатыр. Екінші қызметкер реанимацияда. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіледі. Компания қажетті дәрі-дәрмекті сатып алды. Реанимациядағы қызметкерге күйік шалғанда қолданылатын арнайы кереует сатып алынды», делінген зауыт хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді 2-3 дәрежелі күйік шалғанын хабарлады. Реанимациядағы қызметкердің денесінің 65% күйіп қалған, ал әріптесінің денесінің 5% күйген.