Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ.
- Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт, – деді спортшы.
Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.
- Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз, – деді гимнаст.