Фото: Ұлттық Дельфий ойындары комитеті
Ұлттық Дельфий комитеті және Ақмола облысы әкімдігі ұйытқы болған шарада 8-25 жас аралығындағы 650-ден астам адам 25 номинация бойынша бақ сынайды.
Биыл Ұлттық Дельфий комитеті өңірлік кезеңдерді ұлттық және халықаралық Дельфий қазылар алқасының аккредиттелген мүшелерінің бас болуымен көшпелі форматта өткізді. 15 қаладан үздік шыққан дарындар Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі болады. Олар 30 қыркүйек - 5 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін ТМД қатысушы елдерінің алғашқы балалар Дельфий ойындарында ел намысын қорғайды.
Коллаборацияға мәдениет қайраткерлері, Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар алқасының мүшелері, ТМД Дельфий ұйымдарының өкілдері (Ресей, Тәжікстан), 2024 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Дельфий Комитеті клубына мүше болған ЮНЕСКО өкілдері, ҚХА, НВС, ESENfondasion, Парламент депутаттары, Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлері және басқалар қатысады.
2024 жылғы XV Ұлттық Дельфий ойындары Көкшетау орталық алаңында өтетін салтанатты ашылу рәсімінен басталады. Содан кейін екі күн бойы қаланың 25 алаңында шығармашылық жарыстар, олардың қорытындысы бойынша 23 тамызда марапатталады. Сол күні кешке «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда Open Air ұйымдастырылады. 24 тамызда Көкшетау мәдениет сарайында үлкен Гала-концерт өтіп, форум салтанатты түрде жабылады.
Әлемдегі Дельфий ойындары – өнердің барлық түрлері бойынша жас кәсіпқойлардың кешенді жарыстары. Ойындар таланттарды тауып қана қоймай, олардың жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейде өсуіне, өзін-өзі көрсетуіне және жарысуына мүмкіндік береді. Комитеттің бірнеше жылғы жұмысы барысында Қазақстандағы Дельфий қозғалысы 100 мыңнан астам қолдаушы тапты, комитет жобаларына 5 миллионнан астам отандасымыз қатысты. Әр жылдары Дельфий ойындары Азамат Желтырғұзов, Димаш Құдайберген, Әли Оқапов, Ratovich, «Sensitsve» би театры және т.б. сияқты Қазақстанның мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы әлеуметтік сатыға айналды.