Спорт • 19 Тамыз, 2024

Мергендер «Қазанат» ипподромында шеберлігін шыңдап жатыр

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойынына дайындығын пысықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мергендер «Қазанат» ипподромында шеберлігін шыңдап жатыр

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Садақшылар дүбірлі додада сайыс өтетін «Қазанат» ипподромында жаттығып жатыр.

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, бүгінде ДКО аясында өтетін дәстүрлі садақ ату сайысына қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен.

«Қазір аккредитация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркия, Малайзия, Қырғызстан, Венгрия, Ресей сынды мемлекеттердің садақшылары жақсы өнер көрсететіні белгілі. Дегенмен, біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылығын дәлелдейтініне сенімдімін», деді Диас Ахметов.

Елордада өтетін бәсекеге ел спортшылары тыңғылықты дайындалып жатыр. Олар Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Қазақстанда ұйымдастырылуы үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. 

«Бұл жарыс біздің алаңда өтетін болғандықтан мойнымызда зор жауапкершілік бар екенін білеміз. Ал сайыс өтетін алаңда жаттығу біз үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені бұл жерді толық зерттеп, климатын, жел жылдамдығын, нысананың орналасуы сынды маңызды тұстарды түртіп алып жатырмыз», деді садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Бақберген Сәлімов.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 

аа

аа