Фото: akorda.kz
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы 54 елді мекенді қамтиды.
Санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізеді. Оған заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, шаруа және фермер қожалықтарын қоса алғанда, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары қатысады.
Сауалнаманы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында sanaq.gov.kz сайтында толтыруға да болады.
Ұлттық статистика бюросы үй шаруашылықтарына арнайы киінген (ақ қалпақ пен оның жеке басын куәландыратын бэйджы бар) және қолында планшеты бар интервьюерлер баратынын ескертті.