Мен Қазақстан мемлекетінде осымен төртінші рет болып отырмын. Әр келген сайын халықтың ауызбіршілігі мен қонақжайлығына куә болудамын. Осындай біртұтастықтың көрінісін бүгінгі сайлау үдерісінен анық байқауға болады. Ағылып келіп жатқан тұрғындардың өз болашағына дауыс берудегі талпынысы ғой бұл.
Халықаралық байқаушы ретінде басқа елдерде болған тәжірибелерімді салыстыра отырып, бүгінгі сайлау учаскелерін аралай жүріп, бірінші байқағаным – халықтың көптігі. Сол жерде кездескен қызметкерлерден сұрастырып көргенімде, олар адамдардың саны сәт сайын артып, сайлау барысы жоғары деңгейде өтіп жатқандығын айтты.
Сайлау үдерісіне келер болсақ, ол әр елде әртүрлі өтеді. Қазақстан мемлекетінің сайлау барысына Мажарстанның сайлау үдерісімен салыстыра отырып баға бере аламын. Өте ұйымдасқан түрде, сондай-ақ, белгілі тәртіп бойынша өтіп жатыр. Сонымен қатар, мұнда келер уақытта «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңымен таныстым. Ешқандай құқық бұзушылық пен қайшылықтар жоқ, сайлау толығымен заңға сәйкес өтуде.
Мартон ДЬОНДОШИ, Венгриядан келген халықаралық байқаушы.