Қоғам • 20 Тамыз, 2024

Қазақстандық 1300-ден астам азамат жаңа дағдыларды игерді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) жыл басынан бері 1300-ден астам қазақстандықты оқытса, оның ішінде 1000-нан астамы – медициналық жұмысшылар.

Қазақстандық 1300-ден астам азамат жаңа дағдыларды игерді

12 жылдан астам уақыттан бері орталық Президент Іс басқармасы мен оған бағынышты ұйымдар қызметкерлерінің білімін дамыту мен ұдайы жаңартуға көмектесіп келеді.

Көптеген қазақстандық және шетелдік лекторлар МТАЖО орталығымен серіктестікте жұмыс істейді. Олар – нарықта мойындалған жоғары деңгейлі мамандар (ғылым докторлары, PhD, халықаралық сертификат иелері). Қазір пулға 100-ден астам лектор сарапшылар мүше.

Медицина

Курстардың қатысушыларының қатарында медициналық жұмысшылар, заңгерлер, есепшілер, экономистер, қаржыгерлер, жоғары менеджмент, инженерлік-техникалық персонал және өзге де мамандар бар.

Жыл басынан бері орталық әртүрлі бағыттарда 50-ден астам тренинг өткізді.

Мамандық