27 Сәуір, 2015

Бұл – нағыз демократияның көрінісі

276 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
* Сырт көз сыншы Думан(Александр Жаксыбай) (2) Кеше Конституциямызда көрініс тапқан аса маңызды саяси іс-шара болып табылатынелдігіміздің еректігін білдіретін Қазақстан Республикасы Президентін бүкілхалықтық сайлау ерекше жағдайда өтті. Оған халқымыздың аса ұйымшылдық танытуы мен осы үрдісті өз көздерімен көріп, бұған жоғары баға берген шетелдік байқаушылардың айтқаны дәлел. Халықаралық байқаушылардың алғашқысы болып баспасөз орта­лығына Италия Парла­менті Сена­тының депутаты Серджио Дивина мен ЕҚЫҰ ПА бұрынғы төрағасы, Азия және Жерорта теңізі елдерінің Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша президенті Риккардо Мильори келді. Сержио Дивина бұл сайлауды байқауға аса ықыласпен қатысып отырғанын айтты. Біздің міндетіміз – сайлаудың қаншалықты заңға сай өтіп жатқанын байқау. Менің бүгінгі көріп, білгенім бойынша айтарым – бұл ерекше сайлау екеніне көз жеткіздім. Әрине, сайлау туралы толық мәліметті ертең бере алатынымыз анық.  Расында, біз байқау жүргізген сайлау кәдімгі ұлттық мейрам секілді өте көңілді өтіп жатыр. Бұл халықтың белсенділігі мен патриоттығын әрі ертеңгі күнге деген жауапкершілікті білдіреді. Бәрі заңды түрде жүргізілуде. Бірақ бізге, яғни еуропалықтарға бір таңғаларлығы – мұнда бір мезгілде екі, үш мың адам қатар дауыс беруге келеді екен. Ал Италиямен салыстырар болсақ, онда сайлауға орташа алғанда 600-700 адам ғана келеді. Сондықтан адамдар көптеп келіп жатқанда кезектің болуы заңды деп ойлаймыз. Міне, бұл менің алғашқы алған әсерім, деді ол. Ал Риккардо Мильори жиылған журналистерге рахметін білдіре келіп, өзінің әріптесі сайлау барысы туралы жақсы айтты, деді. Мен ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеяның төрағасы болған­мын. Ал өздеріңіз білетіндей, ЕҚЫҰ сайлауға мониторинг  жүргі­зуде маңызды орган болып табылады. Бұл және тек Еуропаға ғана қатысты емес. Біз, сонымен қатар, Тунисте алғашқы конституциялық сайлауды өткізгенбіз. Мұның бәрін айтып жатқаным, бізде сайлауға қатысты тәжірибе жеткілікті. Менің әріптесім айтып өткендей, біз бірқатар сайлау учаскелерінде болдық. Дауыс беріп жатқан адамдардың бәрі көңілді, олардың жүздерінен бір қуаныш сезіліп тұрды, деді ол. Келесі кезекте сөз алған Ресей байқаушылары – Ресейдің «Муз-тв» бас директоры Арман Давлетьяров пен Теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев сайлау барысынан алған әсерлерін айтып берді. – Бұл қалада өте тамаша өзге­рістер жүрді. Мен мұнда қазір тоғыз сайлау учаскесін аралап шық­тым. Адамдар сайлау учас­келеріне өте көптеп келіп жатыр. Кейбір сайлау учаскелерінде мектеп оқушыларының концерттері ұйымдастырылған екен. Сондықтан сайлаушылардың бәрі де өте көңілді жүр. Біз сайлау учаскелері ашылысымен барғанның өзінде онда адам қарасы мол еді, ал күндіз адам тіптен көбейіп кетті. Бұл халықтың ертеңгі күнге деген сенімдері мен жауапкершілік көрінісі болса керек. Сонымен қатар, халық осы іс-әрекеттері арқылы қазіргі таңдағы билікке деген құрметін білдіріп жатыр ғой деп ойлаймын. Қазақстанда халық үшін жасалған игі істердің әсері бүгінгі күні адамдардың сай­лауға жаппай қатысуынан-ақ байқалады. Мен сайлау барысында бір кемшілік байқалды деп айта алмаймын. Өйткені, ондай кемшіліктер жоқ. Себебі, сайлау өте жоғары жауапкершілікпен ұйымдастырылған. Сондықтан мен Қазақстан халқын сайлау барысы өте жақсы өтіп жатқандығымен құттықтағым келеді, деді ол. немцы-1(Жаксыбай) Ал Арман Давлетьяров Қазақ­стандағы сайлау барысына байқаушы болып қатысқандығы өзі үшін үлкен құрмет екендігін айта келіп, бұл жоғары жауапкершілікті білдіреді, деді. Мен де әріптесім секілді Қазақ­станда зор өзгерістерге әрқашанда айрықша назар аударып отырамын. Біз Астана қаласындағы көптеген сайлау учаскелерін ара­ладық. Сонда байқағанымыз, сайлау өте жоғары деңгейде ұйым­дастырылған екен. Бұл сайлау әлемдік демократиялық сайлау талаптарына тура келеді. Сонымен қатар, мені бір қуантқаны, ерте ертемен сайлау учаскелеріндегі адамдардың санының көптігі болды. Мен Қазақстан халқы дәл осылай, яғни бір кісідей жаппай жұмыла дауыс беріп жатқанына аса қуаныштымын, деді ол. Бұлардан кейін іле-шала Хор­­ватия өкілдері өз пікірлерін білдірді. Хорватия экс-президенті, белгілі саяси қайраткер Степан Месич пен Халықаралық академия қауымдастығының өкілі академик, физик Иво Шлаус келді. Степан Месич Қазақстандағы президенттік сайлауға шетелдік байқаушы ретінде қатысқанына аса қуанышты екенін айтты. Мен өзім де кезінде үміткер болғанмын, сондықтан сайлау туралы менің тәжірибем баршылық. Біз елордадағы біраз сайлау учаскелерін аралап көрдік. Осы аралау кезінде сайлауды өткізудің аса жоғары ұйым­дастырылғанын байқадық. Біз сайлау үдерісінің құпиялылығын байқадық. Біз, сонымен қатар, сайлаушылардың сайлауға қаты­суға деген зор ынтасын көрдік. Осы жайларға қарай айтарым, бұл сайлау нағыз демократиялық қалыптарға сай ұйымдастырылды,   деді ол. Иво Шлаус Қазақстанға келу және сайлауға байқаушы болып қатысу өзі үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді. Мен Қазақстанға осымен үшінші рет келіп отырмын. Бұнда біраз уақыт болдым. Жалпы, менің сайлау және оны өткізу жөнінде өте терең түсінігім бар. Сондықтан мен қазір Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға да жоғары баға бере аламын. Жаңағы менің әріптесім айтқандай, Қазақстандағы сайлау барысы нағыз жоғары демократиялық стандарттарға сай келеді. Алдында айтып өткенімдей, Қазақстанға алдында келген сапарларыма қарағанда өте үлкен өзгерістер орын алған екен. Бұл ел халықтары мен Үкіметтің орасан күш-жігерінің арқасында деп білемін. Мен өзім ғалым бол­ғандықтан, Қазақстандағы физика ғылымдарына байланысты зерттеулерге сай келіп тұрамын. Сонымен қатар, тағы бір айтарым, осы сайлауды байқау барысында мен Президент Н.Назарбаев дауыс берген сайлау учаскесінде де болдым. Мен онда тек болып қана қойған жоқпын, Президент Н.Назарбаевпен кездестім. Жалпы, мен Президент Н.Назарбаевты ең мықты көшбастаушылардың бірі деп есептеймін, деді нобельдік байқаушы. Бұдан әрі сөз алған саясаттанушы, Латвия Журналистер одағының президенті, «Неткарига рита авизе» газеті бас редакторының орынбасары, Латвия университеті география және ғылым факультетінің доценті, қоғам және ғылым қайраткері Юрис Пайдерс сайлау қашанда демократияның үлкен мейрамы  екенін айтты. Сонымен қатар, оның кез келген ел үшін  маңызы мен мәні өте жоғары екенін атап көрсетті. Сайлау талапқа сай өтті. Кез келген елдің сайлау нәтижесін сол елдің ұлттық дәстүріне немесе мәдени ерекшеліктеріне қарап бағалауға болмайды. Ендеше, Еуропада олай істеледі, ал мұнда былай жасалып жатыр деп айтудың қажеті жоқ. Біз мұндай мәселеге онша назар аудармаймыз. Өйткені, демократияға барар түрлі жол бар және әр елдің өз жолын таңдауына құқы бар. Ең басты мәселе, соңғы нәтиже сайлаушылардың сенімімен сәйкес келуі тиіс, деді латвиялық байқаушы. Ал саясаттанушы, «МедиаПро1» баспасының директоры Александр Видякин жоғарыда аталған бас­падан бөлек Қазақстан-британ экономикалық даму ассоциация­сына жетекшілік етемін, деді. Сондықтан ол Қазақстандағы оң жаңалықтарға қашанда назар аударып отырады екен. Мені бұл сайлауға дайындық барысының жоғары болғандығы тәнті етті. Қазақстан президенттігіне үміт­керлердің теледидар, газет-журналдар арқылы берілген үгіт-насихаттарын толық қадағаладым. Сонда бір байқағаным, барлық үміт­керлерге үгіт жүргізу үшін тең құқықтық жағдайда бірдей мүмкіншілік берілді. Расында, мұндай ашықтыққа, мөлдірлікке, адалдыққа таңғалдым. Бірде-бір үміткерге не артықшылық, не кемдік берілген жоқ. Барлығына бірдей сөз бостандығы берілді. Алай­да, осы мүмкіндікті әркім қалай пайдаланды, ол басқа әңгіме. Сондықтан бүгінгі менің айтарым, сайлау өте жоғары кәсіптік деңгейде ұйымдастырылғаны анық көрінеді. Барлық мәселе ұқыпты дайындалып, алдын ала мұқият жоспарланған. Сайлау барысын жай ғана байқап өтпей, ондағы сайлаушылармен де пікір алмастық. Олар өздерінің осыншама белсенділіктерін сайлау өздері үшін қажет екенін, болашақтағы жайлы бақыттары үшін қажет екенімен білдірді. Сондықтан да сайлауға келушілердің саны өте көп. Олар бейбіт өмір, тұрақтылық, жайлы тұрмыс үшін дауыс беруде деп білемін. Сондықтан да мен қазақстандықтардың Президент сайлауына бір кісідей жұмыла жаппай келіп, аса қуанышты көңіл-күймен дауыс беріп жатқанын өздерінің жарқын болашағы үшін деп түсінемін, деді ол. Бұдан кейін журналистер алдында Қазақстан Президентін сайлау барысы туралы ақпарат берген Ұлыбританияның байқаушылары  – Қазақстан-Британия қоғамының төрағасы, «Firstmagazine» негізін қалаушы және редакторы Руперт Гудман мен Лондон дипломатия академиясының ректоры Джо­зеф Мифсуд Қазақстандағы президенттік сайлаудың өте жоғары дайындықта жүріп жатқандығынан хабардар етті. Руперт Гудман көп­теген сайлау учаскелерін аралап шықтым, деді. Ал сол сайлау барысын байқаған учаскелеріміздегі ахуал өте керемет болды. Біз осында дауыс беріп жатқан бірқатар адамдармен сөйлестік. Сонымен қатар, дауыс беру қалай жүріп жатқанына баса назар аудардық. Мен басқа елдерде де сайлау барысын бақылаған едім, сондықтан бұл мәселеде біраз тәжірибем бар екені жасырын емес. Р. Гудман Қазақстан Президентін сайлау барысы барлық нормалар мен талаптарға сай келеді және ешқандай заң бұзушылықтар байқалған жоқ, деп сөзін аяқтады. Одан әрі әріптесінің сөзін жалғастырған Джозеф Мифсуд те өздерінің бес сайлау учаскесінде болғандарын жеткізді. Ол осы сайлау учаскелерінің нөмірлеріне дейін атап шығып, бұл учаскелерді әдейі таңдамағандарын жеткізді. Аталған учаскелерге адамдар жоғары көңіл-күймен келіп жатты. Сайлау барысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Қазақстандықтар өздерінің демо­кратиялық құқықтарын пайдалануда нағыз бірлікті көрсетті. Менің әріптесім айтып өткендей, біз кейбір сайлау учаскелерінде сайлаушылардың пікірін де білдік.  Олардың бәрі де сайлауға белсене қатысып отырғандықтарын мақтанышпен жеткізді, деді Дж.Мифсуд. Четин Казак, Болгария Халық жиналысының (парламент) депутаты: «Біз бірнеше сайлау учас­кесінде болдық. Сайлау процесі барысында ешқандай дау-дамай, келіспеушілік дегенді көрген жоқпыз. Бәрі де сабырмен, ың-шыңсыз өтіп жатты. Сондықтан біз ешқандай ескертпе де айта алмаймыз. Қай учас­кеге барсақ та халықтың дауыс беру белсенділігі жоғары екенін көрдік. Соның ішінде жастардың белсенділігі бізді қатты таңырқатты. Ал біздің Болгарияда жастардың арасынан мұндай белсенділікті көре алмайсыз. Сондықтан біз жастардың белсенділігіне қатты қызықтық. Ұйымдастырушылар тарапынан да қажетті дүниелердің бәрі жасалған. Біз сайлау үдерісі толығымен аяқ­талып, біткенше халықтың белсен­ділігі төмендемегеніне көз жет­кіздік. Сонымен қатар, Қазақстанның демо­кратиялық даму жолынан ауытқымай, осы аймақ­тағы ғана емес, әлемдегі тұрақты дамудың, этносаралық татулық пен конфессияаралық келі­сімнің үлгісі бола бергенін қалаймыз», – деді Ч.Казак. Болгарияның Қазақстандағы 1999-2004 жылдардағы Төтенше және өкілетті елшісі болған Дмитр Деков әріптесінің сөздерін қайталамай-ақ тек оның сөздерінің толықтай шындық екеніне куәлік беретінін жеткізді. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мынан келген байқаушылардың атынан ұйымның Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев (Ресей Фе­дерациясы) журналистердің алдына шығып, шағын сұхбат берді. Біздің ұйымға енетін алты елдің бесеуінен байқаушылар келді. Бес бағыт бойынша біз өзіміздің байқаушылық жұмыстарымызды жүргізіп жатырмыз. Соның ішін­де біздің әріптестеріміз Аста­на мен Алматы қалаларында жұ­мыс істеуде. Сонымен қатар, кейбір әріптестеріміз Көкшетау, Қарағанды қалаларына жүріп кетті. Ал Қырғызстаннан келген әріптесіміз үш күннен бері Шым­кент қаласында жұмыс істеуде. Біз бір-бірімізбен телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Осы сәтке дейін бәрімізде де біртекті пікір қалыптасып отыр. Қазақстандағы президент сайлауы барлық жерде де өте үлкен ұйымшылдықпен, тыныштықпен және белсенділікпен өтіп жатыр. Біздің ортақ бағамыз осындай. Мен өзім Ұлттық кітап­ханада орналасқан учаскеде байқау жүргіздім. Біздің халықтарымызда тізілген ұзақ кезектер жақсылық емес деген ұғым қалыптасқан. Алайда, халық өзінің кандидатына дауыс беру үшін кезекке тұрса, бұл сөзсіз жақсылық деп ойлаймын. Біз өзіміз барған учаскелерде осындай жағдайды көрдік, деді ол. Сайлауға байқаушы ретінде Еуропарламент өкілдері де қатысты. Олардың бір тобы өздерінің бай­қаушылық жұмыстары жөнінде пікірлерін білдірді. Мәселен, Рышард Чарнецки, Еуропа парламентінің вице-президенті былай деді: «Мен осы жолы Қазақстанға алтыншы рет келіп тұрмын. Бұл жолғы сапарымда президенттік сайлауға байқаушы болған топқа қосылдым. Бізді қазақстандықтардың сайлауға деген белсенділігі таңғалдырды. Халық сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап, оған көптеп келе бас­тады. Біздің оларды ешкім де қуып немесе өтініш жасап келтірмегеніне көзіміз жетті. Сайлау учаскелеріндегі барлық жұмыстар ашық жүргізілді, сайлаушыға қажетті көрнекі құралдар мен жабдықтар да жеткілікті еке­нін көрдік. Қазақстанның демо­кратиялық құндылықтарды жоғары бағалайтыны көрініп тұрды. Сайлаушылармен сөйлескенде олар өздерінің таңдауын ерте күннен белгілеп қойғандарын айтты. Сондықтан да мен өзімнің кандидатыма тезірек дауыс беруге асықтым, деді бір жас жігіт. Ал біз өзіміздің жұмыс қорытындымызды Брюссельге барған соң жасайтын боламыз». Ивета Григуле, Еуропар­ламенттің Латвиядан сайланған депутаты: «Біз таңертеңнен бері бірнеше учаскені аралап шықтық. Бізді ең бірінші таңғалдырған нәрсе сайлаушылардың белсенділігі болды. Еуропада, соның ішінде Латвияда, өкінішке қарай, мұн­дайды көре алмайсың. Әрбір қоғам мүшесі елдің тағдыры, бола­шағы шешілгелі тұрған жерде өзінің демократиялық мін­детін орындауы керек болса да біздің елдерімізде бұған көңіл аудармайды. Ал Қазақстан хал­қының азаматтық белсенділігі жоғары екен. Олар өз елдерінің тағдырына қатты алаңдайтын сияқты, осының өзі жақсылықтың белгісі. Жалпы, біз халықтың белсенділігіне өте тәнті болдық. Біз бұрын бір мемлекеттің құрамында болғандықтан, сіздің елді жақсы білеміз. Осыдан жиырма жыл бұрын қандай болғандарыңызды, өздеріңіздің тәуелсіз елдеріңізді қалай құрғандарыңызды да білеміз. Еуропалықтар бүгінгі демократияға ғасырлар бойы даму арқылы қол жеткізді, ал Қазақстанның 20 жылда ғана қол жеткізген табыстары жұрттың бәрін де таңғалдыруда. Барлық дүниенің бағасы салыстырмалы түрде анықталады. Сіздердің бүгінгі қол жеткізген табыстарыңыз жұрттың бәрін таң-тамаша етуде. Мен өз басым Қазақстанның 2050 жылы жоғары дамыған 30 елдің қатарына енетініне сенімдімін», – деді. Еуропарламенттің Латвиядан сайланған депутаты Андрей Мамы­кин бұл сапар өзі үшін Қазақстанға бірінші сапары емес екенін айтты. Бүгін мен Еуропарламенттің атынан осынау жауапты миссияны атқаруға келіп отырмын. Біз осыған дейін бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Енді бес учаскеде дауыс беру бюллетеньдерін санауды байқауға қатысуды жоспарлап отырмыз. Осы брифингтен кейін де бірнеше учас­кеге бармақшымыз, нақты қайсына баратынымызды айтпаймын. Бізді сайлаушылар белсенділігі қатты таңырқатты. Еуропарламенттегі сайлаушылар белсенділігі қай күнде өте төмен болады. Мәселен, былтырғы сайлауда Словакияда сайлаушылар белсенділігі 16 пайыз, Латвияда 22 пайыз ғана болды. Ал сайлаушылар белсенділігі 80-90 пайызға дейін болады дегенге мен сене қоймайтын едім. Бірақ бүгінгі өзім көрген белсенділік оның рас екеніне күмән тудырмайды. Кейбір сайлау­шылар жарты сағат қана емес, тіпті, бір жарым сағаттық кезекті тосып, дауыстарын беріп жатты. Осының өзі қазақстандықтардың өз болашағына деген азаматтық санасын, позиция­сын, жауап­кершілігін көрсетті, деді ол. Сайлауда байқаушылардың үлкен тобы Ресей Федерациясынан келген екен. Олардың біразы Қазақстанның аймақтарына аттанып кетіпті. Ас­танада байқаушы болғандардың бір тобы журналистерге брифинг берді. Солардың арасынан бірінші болып сөйлеген «Мультимедиа холдинг» АҚ пре­зиденті Александр Школьник жұрттың бәрін сайлау күнгі тамаша ауа райымен құттықтады. Тәңірдің өзі аспанды тазартып, сайлаудың мөлдір, таза өтуіне жол сілтеп тұрғандай болды. Оның бұл ниеті қолдау тауып, сайлау барынша мөлдір, таза өтіп жатқанына куәлік бере аламыз. Орталық сайлау комиссиясының сайлау үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өту керек. Байқаушы ретінде шақырылған біздердің тарапымыздан ешқандай ескертпе жоқ. Мен президенттік сайлауға түскен үш кандидатты да құттықтаймын, өйткені, бұл оқиға – олардың өміріндегі маңызды асудың бірі. Сол асудан сүрінбей өту де үлкен абырой. Бұл оқиғаны олар өмір бойы ұмытпайтын шығар. Халықтың сайлауға келіп, дауыс беру белсенділігінің жоғары болғандығын да көрдік. Демек, қазақстандықтар өз тағдырына, өз елінің болашағына алаңдаушылық білдіреді, деді А.Школьник. Өзінің сөзінде А.Школьник жасы 90-ға келіп, зорға жүретін кейуананың да немересіне сүйеніп келіп, дауыс бергенін және бюл­летеньді салған соң өзінің батасын бергенін айтып өтті. Ресей халықтары Ассамблеясы төрайымының орынбасары Ири­на Галанованың пікірі де осы тақылеттес болды. Мен Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесіндегі, Ана мен бала орталығындағы дауыс берулерді байқадым. Ұлттық кітапханада дауыс беруге келген халықтың кезегі 300 метрдей болды. Мен оны ерінбей, адымдап отырып, санап шықтым. Кейбіреулердің кезегі 1,5-2 сағаттан кейін келіп жатса да ешкім де өкпе-реніш білдірмей, өздерінің азаматтық позициясын білдірді. Бірақ ұзын кезекке тұрған халықты көрген сайлау учаскесінің мүшелері тез арада орындықтар әкеліп, қартаң адамдарды, науқас жандарды оған отырғызып жатты. Бір аяғы ауыр әйел де соның ішінде болды. Кейбіреулердің кезексіз өтсеңші дегеніне ол көнбей, өз кезегімен дауысын берді. Осының бәрі үлкен ұйымшылдықтың, халықтың өз еріктерін білдіріп, таңдауларын жасауға асыққандарын көрсетіп тұрды, деді И.Галанова. Ресейлік байқаушылардың арасынан соңғы болып қазақ­стандықтарға жақсы танымал саясаткер, Ресей Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов сөйледі. Мен – Қазақстан қоғамының позитивті қалыптасуын көзіммен көріп жүрген адамдардың бірі­мін. Сайлаушылардың өте үл­кен белсенділігінің өзі осыны көрсетіп тұр. Мен бірнеше білім беру орындарындағы сайлау учаскелерінде байқаушы болдым. Олардың бәріне тән ортақ сипат – сайлаушылар белсенділігі. Сағат күндізгі 14.00-де сайлаушылардың 45 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл – өте үлкен жетістік. Халықтың өз Отанының болашағына деген жауапкершілігі Қазақстан социумында өте жоғары екенінің бір дәлелі осы болса керек, деді ғалым. Германия Бундестагынан (парламент) келген екі байқаушы да өздерінің ойларын ортаға салды. Бертольд фон Плетц пен Карин Штренс өзінің сайлау туралы ойларын былай жеткізді: «Біз Қазақстанмен жұмысымыз бойынша тығыз байланыстамыз. Бұл елге осымен бірнеше рет келдім. Мамыр айында да кезекті делега­циямыз келейін деп жатыр. Біз бүгін Көкшетау қаласындағы сайлау учаскелерінде болдық. Ешқандай заң бұзушылық, дауыс беру процесіне кедергі бол­ған жағдайларды көрген жоқпыз. Қазақстандықтар өз таңдауын дұрыс жасағанына сенімдіміз. Біздің елдеріміздің арасындағы сенімге құрылған ынтымақтастық жалғасын тауып, әрі қарай дами бергенін қалаймыз. Қазақстанды жарқын болашақ және тұрақты даму күтіп тұрғанына сенімдіміз», – деді олар. Александр ТАСБОЛАТОВ, Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».