Білім • Бүгін, 17:38

Қазақстанның 300 талапкері Түркия грантын иеленді

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024-2025 оқу жылында Қазақстаннның 300 студенті Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 300 талапкері Түркия грантын иеленді

Фото: Ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігі, бұл бағдарламаның Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі екенін атап өтті.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді», деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетейік, биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған Қазақстанның студенттерінің тізімі тамыз айында жарияланған болатын.