Шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында дауыс беруге қатысты.
Бұл үшін он елдің ірі қалаларында бірыңғай сайлау учаскелері ұйымдастырылған болатын. Мысалы, Тверь, Рязань, Смоленск, Ярославль, Краснодар, Воронеж, Кострома қалаларындағы әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары үшін бірыңғай сайлау пункті Мәскеуде ашылды. Мұнда таң атысымен 159 әскери қызметші дауыс беріп үлгірді.
«Қазақстан Президентінің сайлауына қатысу – біздің конституциялық құқығымыз және азаматтық борышымыз. Бұл шара – ел тағдыры. Мемлекет басшысын таңдау арқылы біз өз болашағымызға, тұтастай еліміз қадам басар жолға таңдау жасаймыз. Мен әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды деп санаймын. Біздің әрқайсымыз сайлауға осы жауапкершілікті түсіне отырып келдік. Туған елімізден жырақта жүрсек те, оның тағдыры бізді бей-жай қалдырмауы тиіс деп ойлаймын», дейді Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Әскери университеті 5-курсының курсанты Данияр Жанжүменов.
Осылайша дауыс беру біздің әскери қызметшілеріміз жүрген басқа елдерде де өтті. Олардың әрбірі сайлау учаскесіне жете алуы үшін күні бұрын бару және қайту бағыттарына әуе және теміржол көліктеріне билеттер алынған болатын.
Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына Ресейде (248 адам), Беларусьте (35 адам), Украинада (19 адам), Түркияда (73 адам), Оңтүстік Кореяда (4 адам), АҚШ-та (8 адам), Қытайда (30 адам), Ұлыбританияда (1 адам), Германияда (1 адам) және Үндістанда (12 адам) әскери жоғары оқу орындарында оқуда жүрген барлығы 437 қазақстандық курсант пен офицер қатысып үлгерді. Орналасқан жерлеріне қарамастан, олардың әрқайсысы өз азаматтық борышын атқарып, өз таңдауын жасады.
• 27 Сәуір, 2015
Шетелдерде оқып жатқан 400-ден аса әскери қызметші өз дауыстарын берді

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50