Оқиға • 21 Тамыз, 2024

Теміртауда Ұлттық ұланның 36 сарбазы уланып қалған

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда Ұлттық ұланның сарбаздары жаппай уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Теміртауда Ұлттық ұланның 36 сарбазы уланып қалған

Фото: halyq-uni.kz

18 тамыз күні Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылған. 

«31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді», делінген Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сарбаздардың денсаулығы бірқалыпты, қанағаттанарлық деңгейде екені мәлім болды.

Бүгінде ауру бойынша жаңа шағымдар тіркелмеген. Осы іс бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.