Аймақтар • Бүгін, 10:12

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Өнертапқыш Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Ол болашақта IT инженері болуды армандайды. Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасап шығарды. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның жобасы Қазақстан нарығындағы ең тиімдісі.

ы

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, Қанат Тәжіхан «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының грант иегері. Биыл аталған байқау аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.