Фото: ortcom.kz
«Министрліктің де Ситуациялық орталығы республика бойынша жұмыс істейді», деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар әрбір университеттің жанында Дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар жолдан келген бала далада қалып қоймас үшін университеттің қасынан орын тапқанша жататын орын болады.
«Жатақхана тапшылығы көп байқалатын Астана, Алматы қалаларында министрліктің де Дағдарыс орталықтары ашылды», деді спикер.