Ауа райы • 21 Тамыз, 2024

Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

59 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. 22 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте 22-24 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.