Фото: Үкімет
Министрліктің хабарлауынша, мұндай мүмкіндік министрліктің бастамасымен жеңілдетілген өндірістің жаңа институты аясында халық игілігіне ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде азаматтардың ақшалай міндеттемелерін төмендету және әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бағытындағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.
«Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушының қызметі үшін айыппұл сомасына қосымша 25% қаражат төлеуге міндетті болған. Енді азаматтар осы шығындардан және жеке сот орындаушыға барудан босатылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі сомадағы оңайлатылған өндіріске азаматтар «eGov mobile»-да іс туралы жан-жақты ақпараты бар 1414-тен SMS хабарламалар мен push-хабарламалар алады.
Халыққа ыңғайлы болу үшін барлық қамтамасыз ету шарасын (тыйым салу) автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті онлайн төлеу қолжетімді болмақ. Осылайша, адами фактор толығымен алынып тасталады», делінген Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ алдын ала есептеулер бойынша жеке сот орындаушыларына қызмет ақысының 25%-ын алып тастау есебінен жыл сайын азаматтардың қаржылық жүктемесі шамамен 5,5 млрд теңгеге төмендейді деген болжам бар.
Осылайша, сот орындаушыларымен байланысудың, барлық әрекет онлайн режімінде жүргізіледі, өндірісті тоқтату мен қамауға алуды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.
Айта кететін жайт, күнтізбелік 30 күн ішінде атқарушылық құжаттың (оңайлатылған іс жүргізу бойынша) талаптары орындалмаған жағдайда, іс жеке сот орындаушысына орындауға беріледі және одан кейінгі атқарушылық әрекеттер комиссияны өндіріп ала отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Еске сала кетсек, бұл жоба биыл 18 қаңтардан бастап Тараз қаласында сынақтан өткізілген еді. Азаматтардың ақшалай міндеттемелерін төмендету, қағаз тасығыштан толық бас тарту және атқарушылық іс жүргізуді орындау үдерісінде адами факторды алып тастау түрінде оң нәтиже көрсетті.