Мәскеудегі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің резиденциясында орналасқан №215 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Осында өз азаматтық және конституциялық құқығын орындау үшін Ресейдің бірқатар аймақтарынан азаматтарымыз келіп дауыстарын берді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.
«Мәскеуден басқа, Ресейдің – Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астрахань қалаларында орналасқан еліміздің консулдық мекемелерінде де сайлау учаскелері ашылды. Сағат 13:00-ге дейінгі мәліметке сәйкес, Ресей аумағы бойынша негізгі тізімге тіркелген 3000-ға жуық Қазақстан азаматтарының 2 152-сі, шамамен 72%-ы дауыс беріп болды. Осы мәліметке сүйенер болсақ, аталмыш елдегі сайлау үдерісі белсенді өтуде», деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі, сайлау учаскесінің төрағасы Виктор Темірбаев. Оның айтуы бойынша, келген азаматтар сабырлы және ұйымдасқан түрде дауыс берген.
Ресей елордасында дауыс беріп үлгіргендер арасында – Қазақстан елшілігінің дипломаттары, ҚР Сауда өкілдігінің және Еуразия экономикалық одақ комиссиясының (ЕАЭОК) қызметкерлері, Мәскеудегі ҚР ұлттық компаниялар өкілдері, Мәскеу жоғары оқу орындарының, әскери мекемелерінің студенттері мен курсанттары бар.
ЕАЭОК-тың экономика және қаржы саясатына жауапты мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов өзі дауыс беріп болған соң, сайлауға қатысу ол азаматтық борыш және оны дер кезінде орындап отыру қажет, деп атап айтты.
«Мен бүгін Ата Заңмен бекітілген құқығымды орындау үшін Смоленскіден арнайы келдім», деді Смоленск Әскери академиясының курсанты Серік Жексенбеков.
«Бүгін барлық еліміз үшін аса маңызды күн және менің пікірім бойынша еліміздің әр азаматы қай жерде болса да сайлауға қатысуы тиіс», деді Әскери дерижерлар институтының курсанты – Әди Қабдырахманов.
Мәскеудегі учаскеге Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Цыкуновтың келгеніне БАҚ өкілдері ерекше назар аударды.
«Мен Шығыс Қазақстанның Шемонаиха аумағында дүниеге келдім. Әкем соғыста қайтыс болды. Содан кейін мен соғыста қаза тапқан миллиондаған отандастарым үшін кек аламын деген оймен жаяу әскер тобы құрамында шайқастым. Қазақстан жалпыға ортақ – Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосты. Оқтардың жартысы туған республикамда жасалғаны белгілі. Барлықтарын келе жатқан жарқын мереке Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мен бүгінгі күні Ресей астанасында сайлау құқығымды орындағаныма өте ризамын. Қазақстанның одан әрі дамуына, биік жетістіктерге жете беруіне шынайы тілектеспін», деді ардагер.
Халықаралық байқаушылар Мәскеуде өтіп жатқан сайлау үдерісінің ұйымдастырылуына жоғары бағасын беруде.
ТМД Парламентаралық ассамблеясы талдау басқармасының кеңесшісі Вадим Бекетов «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы атынан халықаралық байқаушылар №215 сайлау учаскесінде мониторинг жүргіздік, іс-шараға дайындықтың жоғары деңгейін атап өту қажет», деп мәлімдеді.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің
баспасөз қызметі.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15