Таным • 22 Тамыз, 2024

Сіз білесіз бе?

139 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сіз білесіз бе?

Қос дипломды шығыстанушы

Қазір екі немесе үш жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алу онша таңсық емес. Ал сонау XVIII ғасырда бүгінгідей самсаған оқу ордасы жоқ қазақ даласынан, 1890 жылы Ресейдегі Томск уни­­­верситетінің ме­­­­ди­цина факуль­те­­­тіне оқуға түсіп, бір жылдан кейін им­­­­ператорлық Санкт-Петербург уни­­вер­ситетінің шы­ғыстану факультетіне ауы­­сып, оны 1895 жылы бітіргеннен кейін 1897 жылы аталған оқу орнының заң факультетін тәмамдап, екі жоғары білім алған тұңғыш қазақ – Дінмұхамед Сұл­танғазин. Араб, парсы, түрік, татар, орыс, француз тілдерін еркін мең­герген білімді азамат «Дала уалаятының га­зеті» басылымында редактор және аудармашы болып қызмет істеген. 1910 жылдан өмірінің соңына дейін Бакуде діни орталықта шы­ғыс тілдерінен сабақ берген.

 

Алғашқы саяхатшы

паро

Біз Әліби Жангелдинді революцио­нер ретінде білеміз. Ал оның қазақтан шыққан алғашқы жиһанкез екенінен хабарымыз аз.

Ол өткен ғасырдың басында «Николай Степанов» деген бүркеншік есіммен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия елдеріне жаяу саяхат жасаған. Оның бұл саяхаты төрт жылдан аса уақытқа созылады. Ол теңіз және теміржолды есептемегенде, фотоаппаратын арқалап, 12 мың шақырым жаяу жүрген. Мәселен, жаяу-жалпылап Польша, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Африка, Мысыр және Абиссинияны басып өтіп, кері оралған жолында Араб түбегі, Мес­сопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон, Малай аралдары, Оңтүстік Қытайда болып, Формоза аралы арқылы 1912 жылы Жапонияға жеткен. Сондай-ақ күндіз жүрген жерлерін суретке түсіріп, түнде оны шығарып отырған.

 

Тұңғыш дипломат әйел

про

Ол кім десеңіз, заманында Қазақ КСР-нің Әлеуметтік қорғау министрі, Қазақ КСР Министр­лер кеңесі төрағасының орын­басары, одан кейін қазақ әйелдері арасынан алғашқы Сыртқы істер министрі болған – Балжан Бөлтірікова.

Білікті дипломат БҰҰ Бас Ас­самблеясының XXI және XXV сессия­ларына Кеңес ода­ғының ресми делегациясын бастап барып, ел атынан БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген. Әсіресе оның АҚШ-тың БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі одақ құрып, өз саясатын жүзеге асырмақ болған тұстағы бұл идеяның одақ мүддесіне қайшы екенін дәлелдеген ерлігіне әлем дипломаттары тәнті болған.