Бокс • Бүгін, 17:42

Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа шапан жауып, құрмет көрсетті

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясы ерлер құрамасын Париж Олимпиадасына бастап барған бұрынғы бас бапкерге құрмет көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа шапан жауып, құрмет көрсетті

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Федерация талай дүбірлі додаларда шәкірттерін жүлдеге жетелеген Мырзағали Айтжановқа шапан жауып, алғыс айтты.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Федерацияның баспасөз қызметі бағалы сыйлықтар табысталғанын да мәлім етті.