Оқиға • Бүгін, 09:55

Шекарада есірткі сатқандар ұсталды

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестерімен бірлесіп, шекарада есірткі сатумен айналысқандарды қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Шекарада есірткі сатқандар ұсталды

Фото: ҰҚК

Арнайы операция тамыз айында жүргізілген. Ұсталғандардан «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы тәркіленді. Тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 50 кг құраған. Оның қара нарықтағы құны  шамамен 500 мың АҚШ долларына жетуі мүмкін еді. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.