Технология • 23 Тамыз, 2024

Қазақстан су тасқынының алдын алуды Германиядан үйренбек

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда су тасқынын болжау және модельдеу бойынша озық халықаралық тәжірибелерге зерттеу жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан су тасқынының алдын алуды Германиядан үйренбек

Фото: kaz.caravan.kz

Министрлік су тасқынын талдау, болжау және модельдеудің​ цифрлық шешімдерін бейімдеу бойынша Германия (TALSIM) мен Нидерландының (FEWS) жүйелерін таңдап алды.

«Су тасқынын болжаудың тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін аталған әдістерді бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланған. Аталған жүйе гидрологиялық және бұлт, ылғалдылық, жауын-шашын секілді ауа райы деректерінің негізінде сараптама жасайды. Қазіргі уақытта жүйеге Есіл өзені бассейнінің деректері енгізіліп жатыр», делінген министрлік хабарламасында.

Айта кету керек, алдағы уақытта елімізге Нидерландыдан жүйені әзірлеуші мамандар келмек. Олар елдегі мамандармен бірге өңірдің ерекшелігі мен сұранысын ескере отырып, жүйені жергілікті жағдайға бейімдеу мүмкіндіктерін пысықтайтын болады.

«Жүйені әзірлеу барысында біз су тасқынын болжау және алдын алу бағытында тәжірибесі мол мемлекеттерді зерттедік. Осылайша, германиялық TALSIM және нидерландылық Delft-FEWS жүйелерін пайдаланып, су тасқынын болжау және модельдеудің цифрлық балама құралы ретінде пилоттық режимде енгізу жөнінде шешім қабылдадық. Осы шешімдерді пайдалану су тасқынын болжау және алдын алу мүмкіндігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.