Қоғам • 23 Тамыз, 2024

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше азаматқа іздеу жариялады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей, Украина және 2 Қазақстан азаматына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше азаматқа іздеу жариялады

Фото: pnp.ru

Агенттік мына адамдарға халықаралық іздеу жариялады:

Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.