Оқиға • 23 Тамыз, 2024

«15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды»: Желіде жалған ақпарат тарады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқиды және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды»: Желіде жалған ақпарат тарады

Фото: Ашық дереккөз

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», делінген хабарламада.

Қаулымен толығырақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/708046?lang=kk