Өндіріс • 24 Тамыз, 2024

Дөңгелек өндірісін дамытқан кәсіпорын

91 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Семей қаласында 1996 жылы құрылған «ЭЙКОС» ЖШС компаниясы – көлік дөңгелектерін жасау және қайта өңдеумен айналысатын ірі өндіріс орны. Аталған кәсіпорынның еліміздің 17 қаласында филиалы бар. Семейдегі орталық кеңсесі өз өнімдерін көтерме және бөлшек саудаға шығарып, негізгі қызметті ойдағыдай жүзеге асырып келеді.

Дөңгелек өндірісін дамытқан кәсіпорын

Компания мың жарым адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 598-і Семейде еңбек етеді. Бұған қоса қалдықтарды қайта өңдеу кешенінде 150 жұмыс орнын құру жоспарланған. Мекеме басшылығының мәліметінше, «ЭЙКОС» ЖШС қызметкерлерінің орташа жалақысы осы жылдың бірінші тоқсанында 359 446 теңге болды. Компания сатылатын өнім көлемі бойынша елімізде көшбасшы орынға көтерілді. Өткен жылы кәсіпорын 1,5 млн-нан астам дөңгелек сатып, отандық нарықты қамту көрсеткішін шамамен 20%-ға жоғарылатты.

ке

Қызметкерлері­нің әлеу­мет­тік жағдайын жақсар­ту­ға, бос уақыттарын тиімді өткізу­ге жағдай жасаған. Тауар­лар­ды түсіру-тиеу жұмыс­тары­мен ай­на­лысатын қыз­меткер­лерді те­гін тамақпен қамта­масыз етеді. Сонымен қатар мұнда ең­бек­керлердің спортпен шұғыл­дануына жағдай жасау да қарас­ты­рылған. Бұған қоса жұмыс­шы­лардың жан-жақты медицина­лық қызмет алуы үшін арнайы клиникамен де келісім жасалған.

Қазір еліміз бойынша ірі кәсіпорындар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып жүр. Әріптестері арасында биік беделге ие болған «Эйкос» компаниясы 2021 жылдан бастап қызметкерлерге, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлер мен аналарға, аз қамтылған және көпбалалы отба­сыларға материалдық көмек көрсетіп, шамамен 200 млн тең­геге қайырымдылық және демеушілік жасады.

Қазіргі уақытта компания өнім көлемі бойынша елімізде жетекші орынға ие. Сонымен қатар кәсіпорын үздік 50 ірі жеке салық төлеуші қатарына кіреді. 2023 жылы шамамен 1,5 млн шина сатылып, бюджетке 9,5 млрд теңгеден астам қаржы түскен.

апр

Алдағы уақытта қолданыс­тағы кәсіпорын базасында дайын өнім шығаратын автокөліктерді, қолдану кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жос­парланып отыр. Қалдықтарды қайтадан өңдеу барысында қауіпсіз жабындар, термопластика, сым және тағы басқа тұрмысқа пайдалы жабыдық­тар­ды алуға мүмкіндік туады. Осы мақсат іске асқан жағ­дай­да кәсіпорынның өнім­ділігі тәулігіне 50 тоннаға дейін өсуі ықтимал. Оның ішінде тәулігіне 10 тонна шинаны термиялық өңдеуге және 40 тоннасын механикалық өңдеуге жіберуді ойластырып жатыр.

«Термиялық өңдеу нәтиже­сінде дайын өнім басқа өнді­ріс­тік үдерістер үшін шикізат бола алатын отын, техникалық көмір­тегі және жоғары легир­ленген болаттан тұрады. Меха­­ни­калық жағдайда – автошиналар, жүгіру жолдары мен ойын алаңдарына арналған жабын­дар жасауға жарамды 4 фракциядан тұратын үгінділер шығарылады. Жоба­ның жалпы құны 2,5 млрд теңге деп көздеп отырмыз», дейді кәсіпорын мамандары.

Жақында ғана Семейге келген сапарында Үкімет басшысы Олжас Бектенов аталған кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, ел бойынша 10 компания қалдықтарды жинау және қайта өңдеудің өзіндік жүйесін пайдаланатынын айтқан еді. Сонымен бірге олардың басым бөлігі шиналарды импорттайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындар екенін де атап өткен. Үкімет басшысы бұл бас­таманы қолдайтынын айтып, Экология және табиғи ресурс­тар министрлігіне мүд­делі ұйымдармен бірлесіп, аталған мәсе­лені жан-жақты қа­рас­ты­ру­ды тапсырған болатын.

Үкімет басшысының қол­дауы­нан қуат алған «Эйкос» резеңке техникалық бұйым­дар шығару және қайта өңдеу кәсіпорнының қызметкерлері өз жұмыстарын қарқынды атқа­рып жатыр.

 

Абай облысы