Денсаулық • 24 Тамыз, 2024

Мектепте маска тағу керек пе? Ресми мәлімдеме жарияланды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жіберу және маскамен жүру режимін енгізу туралы хабарлама – фейк, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектепте маска тағу керек пе? Ресми мәлімдеме жарияланды

Қазақстандық оқушылардың ата-аналары чаттар мен әлеуметтік желілерде тараған хабарға алаңдап отыр. 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберіледі екен. Бұл – жалған, деп мәлімдеді Stopfake.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мессенджерлердегі 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқуға жіберіледі және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялогиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Қаулымен толығырақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады. Барлық азаматты ресми ақпарат көздеріндегі сенімді мағлұматқа ғана сенуге шақырамыз», – дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.